Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің түрі: Сөйлемді дамыту Тақырыбы: «Кім күшті» ертегісі.Мақсаты: Тақырып мазмұнын меңгерту, балалардың қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой өрісін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің маскалары .Суреттер, интерактивті тақта.  Әдіс тәсілі: ойын технологиясы , түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.  Сөздік жұмыс: алты батпан, жеті батпан, күшті. Билингвалдық компонент: құмырсқа-муравей, қырғауыл-фазан, мұз-лед.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалармен амандасып, көңіл күйлерін сұраймын.                

 

              Шаттық шеңбері:                          Арайлап атқан таңға, сәлем,                                  Шуағын шашқан күнге,сәлем.          Қайырлы таң,достарым,                   Сендерді көрсем қуанам.

 

Өткен сабаққа шолу жасау,еске түсіру

Балалар қазір қаңдай жыл мезгілі?

Жерде не жатыр?

Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?

 

 

Қимыл қозғалыс жасап, қонақтармен амандасады

 

                                       Қыс мезгілі          жерде аппақ қар жатыр,т.б

Ұйымдастыру-шылық іздеңістік

Балалар бүгін ұйымдастырылған оқу қызметі сөйлемді дамыту, «Кім күшті» ертегісі

Жұмбақ шешуге дайынбыз ба?

Балалар қуана келіседі.

Жұмбақтар .                              

1.Көлге жапқан қақпақ,           

  Сіресіп тұр,Қатты-ақ.                                       

2.Мысықтан бұл қорқады,           

   Бұдан піл қорқады.         

3.Қылдай белі бүгілген,                            Өзінен де жүгі үлкен.                                                                                                       

4.Аласа ғана бойы бар,       Айналдырып киген тоны бар.

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл кейіпкерлердің бәрі «Кім күшті?» ертегісінде кездеседі. Естеріңе салар болсам өткен аптада бізге қырғауыл, «Кім күшті?» ертегісін айтып берген болатын. Енді сол ертегіні сахналау-ды тапсырыпты.

 

Мнемакесте әдісі арқылы интерактивті тақтада көрсетіп балалардың тілің дамыту

 

Балалар, тыңдаңдаршы бір дыбыс естіліп тұр.Ненің дыбысы екен?

Балалар, бізге қонаққа қарлығаш келіпті. Сәлеметсің бе, қарлығаш!

Балалар Қарлығашпен амандасады.

Қарлығаш: -Сәлеметсіздер ме, мына хат сіздерге.

Оның сендерге арналған хаты бар екен. Хатты ашып оқып көрейік,  кім-нен келгенін білейік.

Хат!

-Салеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегі елінде тұратын Қырғауылмын.

Естеріңде ме, өткен аптада мен сендерге қонаққа барып едім. Осы жолы келе алмадым, қарлығаштан хат жолдап тұрмын. Сендердің қалай ертегі кейіпкері бола алатындарыңды қарлығаш көріп, маған айтады. –деп хат жолдапты.

 

Сергіту сәті: «Арам, зам-зам»

«Кім күшті?» ертегісін сахналау.

Балалар кім қандай кейіпкер болғысы келеді, өздерің кейіпкер таңдап алыңдар. Сендермен осы ертегіні сахналау арқылы өз мүмкіндігімізді көрсетеміз.

 

Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен.

Қырғауылы қызыл екен.

Құйрық жүні ұзын екен.

Қырғауылы қырқылдап,

Жалтыр мұзға сыртылдап,

Алшая келіп қоныпты,

Шаты айрылып қалыпты

Қисая жатып қырғауыл

Сонда мұздан сұрапты:

 

Рауан (қырғауыл): -Мұз, мұз сен неден күшті болдың?

Амира (мұз):-Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес

едім.

Рауан ( қырғауыл): -Жаңбыр, жаңбыр сен неден күшті болдың?

Мирас (жаңбыр): -Мен күшті болсам, жауырымды жерге жұтқызар

ма едім.

Рауан ( қырғауыл): -Жер, жер сен неден күшті болдың?

Айзара (жер): -Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас

едім.

Рауан ( қырғауыл): -Көк шөп, көк шөп сен неден күшті болдың?

Жасмин.Д(көк шөп): -Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан

жұлқымас еді.

Рауан (қырғауыл): -Көк тоқты, көк тоқты сен неден күшті болдың?

Ансар (тоқты):-Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды  жұлқытпас едім.

Рауан (қырғауыл): -Қасқыр, қасқыр сен неден күшті болдың?

Диля (қасқыр): -Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды одырмас

 едім.

Рауан ( қырғауыл): -Мылтық, мылтық сен неден күшті болдың? Сара (мылтық): -Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.

Рауан ( қырғауыл): -Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың?

 

Жансая.М(тышқан): -Мен күшті болсам, құмысқаға інімді алдырмас

едім.

Рауан (қырғауыл): -Құмырсқа. Құмырсқа сен неден күшті болдың:

Инсар (құмырсқа):-Алты батпан ауырды арқалаған күштімін,жеті батпан ауырды желкелеген күштімін.

-деген екен құмырсқа.

 

1.Балалар, ертегіні рөлге бөліп ойнаған сендерге ұнады ма?

2.Қырғауылдың бәрін білгісі келетіні дұрыс па?

 

 

Дидактикалық ойын: «Суретті сипатта»                                                  Шарты: қиылған суреттерді құрас-тырып,жинаған суретті сипаттап беру

 

 

 

 

Жұмбақты тыңдайды.

 

(Мұз)

 

(Тышқан)

 

(Құмырсқа)

 

(Тоқты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар таң қалып қарайды

 

Сәлеметсіз бе!

 

 

 

Мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

Қимыл қозғалыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәнерлеп айтып береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә ұнады

Бәрін білгісі келді

 

 

Тілдері дамиды

 

 

Рефлексиялық - түзетушілік

1.Балалар қаңдай ертегі сахналадық?

2.Кім келді қонаққа?

3.Бұл ертегіде кім күшті екен?

 

Мақтау, мадақтау смайлинг арқылы.

 

Кім күшті                     Қарлығаш      Құмырсқа

 

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: ертегі кейіпкерлерін атай алады.

Түсінеді: Бір-біріне көмектесуді түсінеді.

Қолдана алады:Ертегіні сахналайды.