Тақырыбы: «Ою – өрнек сәніміз»
Мақсаты: Балаларды ою - өрнек түрлерімен таныстыру. Ою - өрнек жапсыру арқылы қолды жаттықтырып, балалардың шеберлігін ұштау. Ою - өрнек арқылы бейнелеу, іс - әрекеттің дамуы жайлы қызықты дерек алу. Білімді өз бетінше қолдану.Балалардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру,сұлулық пен әсемдікке, талғампаздық пен шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ою - өрнек түрлерінің суреттері, Интербелсенді тақтадан ою - өрнектер көрсетілімдер. Қазақи көрмелер, бұйымдар.
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің барысы:
Балалармен амандасу.
Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Жиналған бар жылуды,
Қонақтарға шашайық.
«Шәугім шай» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қорыту:
- Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
- Біздің ана тіліміз қалай аталады?
Тамаша балалар, сендер дұрыс жауап бердіңдер. Балалар біз қазақ халқы болғандықтан біздің өзіміздің мәдениетіміз бар. Осы мәдениетімізды жалғастырып, ұлттық құндылығымызды артырып отырған – ою өрнектері қаншама.Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған іс - әрекетіміз Оюлар туралы болмақ.
1.Слайдпен түсінік беру. (құсқанат, түйетабан, қазмойын, қошқар мүйіз, батыр оюы) түсінік беру. (Қайталатып айтқызу)
«ҚҰСҚАНАТ» ою - өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою - өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою - өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.
«Түйетабан» — түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою - өрнек.
Ол кейде "карта", "қарға", "қызылайыр" өрнектеріне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келеді. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар өсімдік, ол да түйенің табанына ұқсас — екі жарты, оны кей жерлерде "табақ" өрнегі деп атайды.
«Қошқармүйіз»— қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұратын ою - өрнек.Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі.
«ТАРАҚ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.
2.Саяхатқа аттану кілемшеге отырып,
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен – деп айтып кілемшеммен саяхаттай отырып, «ою - өрнек әлеміне саяхаттау» .
Балалар, қараңдаршы біз оюлар әлеміне саяхаттқа келіп қалған жайымыз бар. Әрі қарай бүгінгі жаңа тақырыбымызды жүйелеу, әрі қарай білімімізді толықтыру үшін бізге дайындалған тапсырмаларды орындауымыз қажет!
1 - Тапсырма: «Дем алу жаттығуы» Балалар берілген дем алу жаттығуларын жасайды. (Жарайсыңдар, алғашқы тапсырманы белсенді орындадыңдар)
2 - Тапсырма: Ал екінші тапсырмада қызыл және сары түстегі асықтарға бөлініп жұмыс жасау қажет.(жартысын табу және ұнды пайдалана оюдың бейнесін шығару). (Жарайсыңдар, бұл тапсырманы да орындадыңдар)
Сергіту сәті: Күй қойылады. «Оюлар» биі
3 - Тапсырма: Шығармашылық жұмыс: «Оюдың сыры» (Керемет балалар)
Педагог: Ал балалар жарадыңдар. Енді біздің де саяхатымыз да аяқталып келеді, оюлы кілемшеге отырғызып, тобымызға қайтуымыз қажет.
Кілемшеге отыру, «Ыстық кесе» арқылы сабағымызды қорыту.
«Күншуақ» бөбекжай бақшасы
Қазақ тілі оқытушысы: Р.Қ.Шаяхметова
2024 оқу жылы








