Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Сенсорика

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Саяхатқа аттану»

Мақсаты:Балаларға негізгі төрт түстерді тани біліп,топтастыруға үйрету,қызыл,жасыл,сары ,көк. Заттардың көлеміне қарай топтап ажыратуды үйрету.Түстерді ажырата білуге баулу.Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.Қоршаған ортаны тану арқылы сенсорлық қабілеттерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Қол моторикаларын,саусақ бұлшық еттерін дамыту. Өткен тақырыптарды еске түсіріп,білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту.Балаларды ұқыптылыққа,байқампаздыққа,жұмысын аяғына дейін орындауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер:Көрсету,түсінідіру,ойын,тақпақ.

Қажетті құрал-жабдықтар:Үй,ағып жатқан су,үлкен,кішкентай тастар,түрлі түсті доптар,себеттер,тауық суреттері,қысқыштар,аудио жазылым,тарелкелер,манка жармасы,бұршақ,үрмебұршақ,шығыршық

Кейіпкерлер:Қояндар,әже,тауықтың жазылған дауысы.

Балалар музыка ырғағы арқылы топқа кіреді.

Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы бұл не?Кім келді бізге қонаққа?

-Күн келіпті,күннің көзі.

Тәрбиеші: Балалар жарты шеңберге тұрып,күн сәулесіне қарап бір бірімізге дешен қуаныш сезімін білдірейікші.

Кел,балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік.

-Жарайсыңдар балалар,күн бізге жай келген жоқ,ол бізді жолға шығуға шақырады,бірақ алдымен ол бізге тапсырма берсігі келіп тұр.Орындаймыз ба?

-Олай болса қараңдаршы,менің қолымда не бар?

-Бұл доп.

-Түсі қандай?

-Мына жерде көп түрлі түсті доптар жатыр.Ал мына жерде түрлі түсті себеттер тұр,сендер доптарды себеттің түсіне қарай ажыратып,салу кересіңдер.Кәне орындап шығайық тапсырманы.

Жарайсыңдар балалар!

-Балалар мына жерде доптар болды ма? Иәә

-Қанша до болды? Көөп

-Ал қазір бар ма доп? Жөқ

-Ал кәне қарап шығайыө тапсырманы қаншалықты жақсы орындап шыққандарыңды.

-Мына себеттің түсі қандай?Сары

-Ал доптардың түсі қандай?Сары

-Жақсы жарайсыңдар! Доптарды себеттің түсіне қарай ажыратып дұрыс салдық .

-Кәне ендеше жолға аттанайық. (Звук журчание воды)

-Қараңдаршы балалар бұл не?Ол бұлақ екен.Енді не істедік қалай өтеміз бұл жерден?

Қараңдар балалар,мына жерде үлкен,кішкентай тастар жатыр,осыдан көпір салып өтейік.

Бірақ тек қана үлкен тастардан көпір саламыз.Керемет жарайсыңдар балалар!Ал енді өтіп көрейік:

Табиғатқа баламыз

Біз әдепті боламыз

Көпір салып үстімен

Саяхатқа шығамыз.

-Ой балалар қараңдаршы біз орманға келіп қалдық, не отыр мына жерде ?

-Қоян салеметсің бе!  неге көңіл күйің жоқ?

Қоян: сәлеметсіздер ме балалар,мен жолда келе жатып адасып қалдым.Әжемнің үйіне жол табалмай жатырмын.

Тәрбиеші: Уайымдама қоян,біз саған көмектесеміз,біз де әженің үйіне бара жатырмыз.

-Ой балалар қараңдаршы мына жерде таңы бір кішкентай қоян жылап отыр екен.Оның да көңіл күйі жоқ екен.

Балалар қояндардың көңілін көтерейікші.

Ұзын құлақ ,сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып ытқып секірді.

Идристың де Қоян туралы жаттап келген тақпағы бар.

(Стих Идриса)

Ақ қоян –ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян,

Қаша берсең орманға

«Қорқағым» деп ат қоям.

Жарайсыңдар балалар,қояндардың көңілің көтердік,әрі қарай жүрейік.

-Қараңдаршы балалар,қандай әдемі үй! (Голос петуха)

-Ой балалар бұл ненің дауысы? Әтештің

-Не дейді ол бізге кәне тыңдайықшы.

Әтеш:

-Балалар әтештің құйрығының түсі қандай,айдары ше?

-Біздің Ева әтеш туралы өлең жолдарын оқимын дейді.Кәне тыңдаймыз.

Раньше всех петух встает

Песню громкую поет

Небу,утру и цветку

Он кричит: Ку-ка-ре-ку!

-Балалар әтештің  де өз отбасы бар.Кәне көрейікші /голос курочки/

-Не ол балалар?Ол неге көңілсіз екен,кәне сұрайықшы.

Тауық: Ко-ко-ко-ко түлкі қораға кіріп кетіп,барлық тауықтардың құйрығын жұлып алды.Ко-ко-ко-ко.

-Уайымдама тауық,біздің балалар көмектеседі,қараңдаршы балалар мына үстелдің үстінде көп тауықтар бар,бірақ олардың құйрықтары жоқ екен,тауықтардың түсіне қарай ажыратып құйрықтарын орналастырамыз.

(Музыка для работы) Түстерді талқылау.

Жарайсыңдар  балалар!тауық сендерге рахмет айтады.

Енді тауықтарды тамақтандыратын уақыт болды.Олар бұршақ жақсы көреді,бірақ мына жерде бәрі үрмебұршақпен араласып кетіпті,кәне орындарына барып бұл тапсырманы орындап шығайық.Жақсы балалар,тауықтарға берейік енді.(тамақтандыру)

Тәрбиеші: Қоян сен ештеңе көріп тұрған жоқсың ба?

Қоян қуанады.Балалар біз әженің үйіне келіп қалдық.Кәне жүріңдер (Музыка звучит)әжемен амандасайық. (Амандасады)

Әже: Сәлеметсіздер ме балалар,менің қоянымды үйіне оралуына көмектескендерің үшін рахмет,бірақ менің үйімді қалай тауып алдыңдар.

Тәрбиеші: Әже біз сізге каім көмектескенің айтпаймыз.Бірақ көрсетеміз.Кәне балалар мына үстелге жақындап тұрайық.Әжеге кім көмектескенің көрсетейік.(күннің көзінің суретін салып көрсетеді)Рисуют под музыку

Тәрбиеші: Ал әже неге ұқсайды?

Әже: Бұл күннің көзі көмектескен екен сіздерге.Рахмет балалар менің сендерге деген тәттілерімді қабыл алыңдар.

Тәрбиеші: Шеңберге тұрғызып:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.