«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

 

Үй жануарларының

төлдері

Білім беру саласы: Қатынас

Ашық оқу іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту

 

«Балауса» 1кіші тобы

Тәрбиеші: Каиргельдиева Альмира Болатовна.

2021 жыл

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс әрекеті:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарларының төлдері»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Олардың төлдерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Жануарлардың бізге тигізер пайдасын айту. Үй жануарларына байланысты жұмбақты шешуге үйрете отырып  , сұрақ жауап арқылы балалардың ойлауын тілдерін  дамыту.

Көрнекілігі: үй жануарлары бейнеленген суреттер, үнтаспа ,слайд.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ –жауап, ойын

Биллингвальды компонент: Төл

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивацилық қозғаушы кезең

Сәлемдесу. Балалар Сәлеметсіңдер ме!!!

Орындыққа жайғасады.

Балалар амандасады.

Орындарына отырады

Ұйымдастырушылық

Ізденіс

Балалар,сабақты бастамас бұрын  біз сендермен үй жануарларының қалай дыбыстайтынын еске түсіреміз.

 Ол үшін біз «Дауысынан таны» ойынын ойнаймыз.

 (Үнтаспа қосылады) Балалар ненің дауысы?Жылқының.

Бұл не екен балалар? Ит бізде үреді екен.

Ал Мынау ше?Мысық мияулайды екен ия балалар.

Қане тағы да айтайықшы ненің дауысы?Мысықтың

Келесі тыңдаймыз. Мөңіреген –Сиыр

Ал қанекей мұқият тыңдаймыз. Маңыраған қой екен.

Жарайсыңдар балалар сендер барлық жануарлардың дауысын дұрыс таба білдіңдер. Жақсы естіп, ажырата алдыңдар өте керемет.

Сюрприз. (Почтальен музыкасы естіледі.)

Естисіңдер ме балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Қонақты қарсы аламыз ба.

Почташы: Сәлеметсіңдер ме балалар.Мен почташы апаймын.Мен сендерге хат әкелдім .

Тәрбиеші: Ой қандай әдемі хат. Почташы апай сізге көп көп рахмет.

Почташы: хатымды табыстадым мен асығыс едім сау болындар.

Тәрбиеші : Жолыңыз болсын. Сау болыңыз.

Балалар қараңдаршы бізге хат әкеліпті. Қанекей ішінде не жазылғанын көрейік. Ол үшін экранға назар аударайықшы.

(Слайд әже сөйллейді хатын оқып)

Балалар әжеге жануарларының төлдерін  табуға көмектесеміз бе, Ол үшін біз жұмбақ шешуіміз керек. Дайын болсаңдар бірінші жұмбақты тыңдайық.

1.      Бұйра бұйра жүні бар

      Маңырайтын  кім екен? (Қой)

 Дұрыс Қой . Қойдың төлін қозы дейміз. Балалар айтындаршы қой бізге не береді?

Ет жүн бердеді, Етінен не стеимз? Ал жүнінен не тігеміз.

Етінен тамак жасаймыз,жүнінен киім тігеміз.

2.      Маң маң басқан

Арқасында екі тау(Түйе)

Түйенің төлі Бота. Түйеніңқандай пайдасы бар екен,Суретке қараймыз . Түйе жүк тасиды , шұбат,ет  береді екен.

3.      Шелек шелек сүт берген

     Мөңірейтін кім екен ? ( Сиыр)

Сиырдың төлін біз бұзау дейміз. Сиырдың бізге берер пайдасы өте көп. Балалар айтындаршы сиыр бізге не береді?

Сүтін біз не істейміз?Етін ше?

Ет,сүт .Сүтінен біз ірімшік, құрт,май,айран жасайды екенбіз.

4.      Ата сияқты сақалы бар

Басында екі мүйізі бар. ( Ешкі)

Ешкі төлі лақ

Ешкіден біз ет,сүт аламыз.

Арлан ол туралы қандай такпак білесін. Айта қойшы.

5.      Тоқылдатып шабады

Оның аты (Жылқы)

 Жылқы төлін кішкентай баласын құлын дейміз. Баримиз қайталаймыз құлын.

 Жылқының пайдасы Жүк тасиды. ЕТ ,қымыз береді.

6.      Тышқанды аулайды

Өзі мияулайды ( Мысық)

Мысықтың баласын Марғау дейміз.

Мысық бізде не жақсы көреді екен ? Қане суретке қарандаршы.  Сүт ішеді екен.

Ева мысық туралы қандай такпак білесін ?

Ева: Кошки,Кошки

Есть четыре ножки.

 

7.      Күні түні үреді

Уйді күзетеді.  (Ит)

Иттің баласын біз күшік дейміз. Иттің қандай пайдасы бар? Ит  біздң үйімізді күзетеді ия? Балалр ИТ адамның досы. Ит туралы не білеміз? Ит ет жейді,сүйекті жақсы көреді.

Жарайсыңдар балалар сендер барлық жұмбақтың шешімін табуға тырыстыңдар, барлық жануарларды ауласына қайтардыңдар.

Қараңдаршы балалар. Әжей сендердің жұмыстарына өте риза балалар.

Айтындаршы біз әжейдің қандай жануарларын қайтардық. Бұзау, марғау,күшік,құлын,қозы. Осылардың барлығын біз Үй жануарларының төлдері деп аатаймыз. Қанекей «Төл» деп айтындаршы.

Жарайсыңдар балалр сендер шаршаған боларсыңдар қанекей орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Қошақаны  қойдың

Қайда қалып қойдың

Томпиып тур бүйірін

Қай өрістен тойдың.

Ал балалар сабақты аяқтамас бұрын  менің  сендермен ойын ойнағым келеді. Ал сендердің ойнағыларың келе ме?

Онда мен сендерді стол басына шақырамын.

Қазір біз сендермен Төлін тап деген ойын ойнаймыз.

Сендердің алдарында жануарлардың суреттері жатыр.Осы жануарларға сәйкес келетін төлдерін тауып жандарына қоясындар. Олай болса бастайық.

Балалар төлдерін таптындар ма.

Ал маған Идрис Айта қойшы сен ненін төлін таптын. Оның төлін қалай атаймыз?

 Мұқият тыңдайды

 

 

Жылқы

Ит

Мысық

Сиыр

Қой

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

Почташы апаймен амандасады.

 

Қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

ЕТ,жүн

 

Тамак, киім

 

 

 

Сүт,ет

 

Ішеміз, тамак жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатысады

 

Иә.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қандай жануарлар туралы айттық?
Үй жануарлары

Және төлдерімен таныстық ия.

Жарайсыңдар балалар бүгін барлықтарың жақсы қатыстыңдар жақсы айттыңдар. Сол үшін мен сендерге осы жерден ұнаған жануарды алуларыңа рұқсат беремін .  Столда турған ойыншық жануарларды алады.

Балалар осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сауболыңдар

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлары мен төлдері туралы білді.

Үйренеді: Үй жануарлары мен төлдерін бір- бірінен ажырата білу дағдысын игерді.

Меңгереді : Үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті меңгерді.