Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика ңегіздері

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер және 5 көлемінде сандық есептеу»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың ой — өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап,дидактикалық ойыны.
Көрнекілік: сандар, әртүрлі фигуралар, суреттер.

Әрекет кезені

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

Арайлып атқан таңға сәлем,

Шуағын шашқан күнге сәлем.

Қайырлы таң,достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар бүгін бізге көп қонақтар келді,амандасып алайық.

Сәлеметсиздер ме!

Балалар  шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру

шылық іздену

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар?Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?                                         Өте жақсы. Жарайсыңдар!                         Балаларды үш топқа бөлу.                 

Жұмбақ:

Допқа өзі ұқсайтын,                                Ерекше бір пішін бар                           Атын оның атандар?

Атына сай балалар,                                 Үшбұрыш,үш жағы бар                          Ол пішінді кім табар?

 

 

Төрт бұрышы бар,                                   Төрт қабырғасы бар                                   Бұл қай пішін?

Жаңа ақпарат

Үшбұрыш кіреді:                Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

1 - тапсырма.                                              I – топ. 1-ден 5 - ке дейін тура санау.                                                 II – топ. 1-ден 5 – ке дейін кері санау.                                            III – топ. Сандардың көршісін табу

Төртбұрыш  кіреді:                Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,          Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

2 - тапсырма. «Гиобарт» кестесімен , әр түрлі пішіндер жасау

                   Сергіту сәті:                            «Қай пішінге ұқсайды?»              Балаларға жәшіктен әр түрлі геометрия-лық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.

Сопақша кіреді:                                       4-тапсырма.                                    Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем,жаз,күз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз) 

   3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?               

Шеңбер  кіреді:                       Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

5-тапсырма.                                    Балалар,тақтадағы геометриялық пішіндерді санап,цифрларды қою

6-тапсырма.                                            Кілемшенің үстінде геометриялық пішін-дерден әр түрлі заттарды құрастыру.        (Керік,үй,мысық,шырша,аққала,машина)

Қыс                   Үш ай бар Суық,аяз,боран

Аққала құрастыру шанамен.

Үш топқа бөлініп отырады

 

 

 

 

Шеңбер

 

Үшбұрыш

 

Төртбұрыш

 

 

 

 

 

 

 

 

Санайды және көршісін табады

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

Қимыл қозғалыстар жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойланып жауап береді

Рефлесивтік түзету

Балалар бүгін сабақта немен таныстық? қандай тапсырма ұнады және қызықты болды?.
Смайликтер арқылы балалар сабақты бағалайды.                                   1.Көңілді – көңілді бейнені салады. 2.Жартылай – езулерін керіп, жымиып, бірақ қабақтарын түйіп тұрады.                                                   3.Ұнамаған – көңілсіз бейнені салады.

Тыңдайды 
Балалар өз ойларын қосады. 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Геометриялық пішіндерді және 1-5 ке дейін санауды

Игереді:Шапшандықты,бірлесіп жұмыс жасауды

Меңгереді:Пішіндерді түсі,көлемі бойынша анықтауды.

 

«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

 

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер және 5 көлемінде сандық есептеу»

 

Өткізген: Гельманова Л.Х.

23.02.2021ж