Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Қ дыбысы мен әрпімен таныстыру, «қ» әрпінен басталатын сөздерді табу арқылы балалардың тілін,ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлем құрау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту ,оқуға жаттықтыру,сөздерді буынға бөлуге үйрету, кеспе әріптер арқылы жазуға машықтандыру. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту, оқуға деген белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, буындар, ойыншықтар,текшелер.
Әдіс –тәсілдер:көрсету,түсіндіру,ойын,сергіту сәті,әңгімелеу,үйрету.
Оқу қызметінің барысы:
Келген қонақтармен амандасу.Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!!!
-Балалар бүгінгі біздің шаттық шеңберімізді ойыннан бастайық.Сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше «Ойлан,тап»деген ойынын ойнаймыз.Менің қолымда сендер көріп тұрғандай доп бар,осы допты мен бір балаға лақтырамын,сол бала допты қағып алып менің қойған сұрағыма жауап беріп допты кері лақтыру керек.Түсіндіңдер ме?
-Балалар,сауат ашу оқу қызметінде нені үйренеміз?
Сауат ашу оқы қызметінде біз әріптерді және дыбыстарды үйренеміз.
-Әріп дегеніміз не?
Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбыс екіге бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз дыбыс боп бөлінеді.
-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауысты дыбыс қызыл текшемен белгіленеді
-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.
-Дауысты дыбысты біз не істейміз?
Дауысты дыбысты біз естиміз,айтамыз.
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Дауысты дыбыс кедергісіз айтылады.
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыс кедергімен айтылады.
*Жақсы,жарайсыңдар балалар,ойын ұнады ма? Ендеше орындарымызға барып жайғасайық.
*балалар,бүгінгі оқу қызметінде біз үш топқа бөліндік ол:
1-Дауыстылар тобы (қызыл текшемен белгіленген)
2-Дауыссыздар тобы (көк текшемен белгіленген)
3-Әріптер тобы
Бүгінгі оқу қызметін бастамас бұрын өткен әріптерді қайталап алайық.Кәне тақтаға назар аударайық.
(Тақтада ата-ананың бейнесі шығып сұрақтар қояды)
-Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Мен Айшаның анасымын,мен қызымның балабақшада не үйреніп жүргенің көргім келіп хабарласып отырмын.
-Балалар,сендер әріптерді білесіңдер ме? Иәә
-Ендеше менімен бірге «сөз ойла,тез ойна» ойынын ойнап көрейік,мен бір әріпті көрсетемін,ал сендер сол әріпті атап,сол дыбыстан басталатын сөз ойлап үш түлде атуларың керек.Келістік пе?
Балалар: Иәә
-Балалар,мынау қандай әріп?
А- алма,яблоко,эпл.
-Балалар,мынау қандай әріп?
Ә- әже,бабушка,гранд мазер
-Балалар мынау қандай әріп?
Б-бала,ребенок,бэйби
-Балалар,мынау қандай әріп?
Е-ешкі,коза,гоат.
-Балалар,мынау қандай әріп?
М-мысық,кошка,кят
-Балалар, мынау қандай әріп?
Н-нан,хлеб,брэд
-Ал мынау қандай әріп?
О-орындық,стул,чейэр.
Жарайсыңдар балалар.Сендер әріптерді жақсы біледі екенсіңдер.Сау болыңдар балалар!
Балалар: Сау болыңыз!!!
Ал енді балалар,біздің бүгінгі тақырыбымызды анықтау үшін жұмбақ арқылы білетін боламыз.
(Слаид арқылы жұмбақ оқу,шешімін сурет арқылы көрсету.)
-Енді осы қоян,қарбыз,қой деген сөздердің басында қандай дыбысы естіп тұрсыңдар?
- Балалар: «Қ»дыбысын естіп тұрмыз.
-Жарайсыңдар,сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қ»дыбысы мен әріпі.
Кәне балалар қолымызды иегіміздің астына қойып, «Қ» деп айтып көрейікші.
-Иегіміз қолымызға тиіп тұр ма?
Балалар: Жооқ.
-Неге тимей тұр?
Себебеі ол дауыссыз дыбыс.Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыс кедергімен айтылады.
-Осы дауыссыз дыбысты біз қандай текшемен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
Ал енді «Қ»дыбысынан басталатын сөздерді тауып көрейік.
(қарбыз,қасқыр,қой,қуыршақ,қымыз,қасық,қалам,қала,қолтырауын,қара,қауын,қарындаш,қарындас,қылқалам,қару,қол,қора,қораз,құлпынай,құлын,қызғалдақ,қайшы,қазан,қайшы,қаз)
-Өте жақсы балалар.
-Ал енді балалар, «ҚАСҚЫР»деген сөзді буынға бөліп көрейікші ҚАС-ҚЫР неше буыннан тұрады?
-екі буыннан.
«ҚАСҚЫР»деген сөзде неше дауысты дыбыс бар?
Қасқыр деген сөзде екі дауысты дыбыс бар.
«ҚАЛА» деген сөзді буынға бөліп көрейікші. ҚА-ЛА неше буын?
-екі буын
«ҚАЛА»деген сөзде неше дауысты дыбыс бар?
Қала деген сөзде екі дауысты дыбыс бар.
-Иә,балалар дұрыс неше буын болса,сонша дауысты дыбыс болады екен.
-Ал енді «ҚОЙ»деген сөзді буынға бөлейік. «ҚОЙ» неше буын бар?
-Бір буын бар.
-ҚОЙ деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? Қой деген сөзде бір дауысты дыбыс бар.
-Енді осы «ҚОЙ» деген сөзді алдымыздағы текшелермен жазып көрейік.
(Бір бала тақтаға шығып сөзді жазады текщемен.)
-ҚОЙ дешен сөзде неше дыбыс бар? ҚОЙ деген сөзде үш дыбыс бар.
Неше дауыссыз дыбыс? Неше дауысты дыбыс?
Жақсы текшелерімізді жинаймыз.
-Балалар,біз ҚОЙ деген сөзге дыбыстық талдау жасадық,текшемен жаздық,шаршап қалған шығармыз,ендеше бір сергіп алайық. Сергіту сәті: «Дыбысты анықта» деп аталады.Маған екі бала шығып көмектеседі.
Мен «А» дыбысына басталатын сөздерді айтқанда сендер шапалақтайсыңдар,ал «Қ» дыбысына басталатын сөздерді айтқанда аяқтарымен топырлатасыңдар.Келістік пе?
-Жақсы жарайсыңдар балалар!
Енді балалар тақтаға назар аударайық,мынау «Қ» әрпінін баспа түрі,ал мынау жазба түрі.
Осы «Қ» әрпі туралы бізге бейнежазба не айтады екен мұқият қарап, тыңдап көрейік.
(Әліппе кітабы)
Ұнады ма балалар? Қандай әріп туралы айтылды бейнежазбада? «Қ»
Енді біз осы «Қ» әрпінінен басталатын сөздерді жазып көрейік.
«Дауыстылар» тобы- ҚОЛ деген сөзді жазады.
«Дауыссыздар» тобы-ҚАР деген сөзді жазады.
«Әріптер» тобы –АҚ деген сөзді жазады.
АҚ деген сөзде неше дыбыс бар? Ек» дыбыс бар.
-Дауыстылар тобы сендер қандай сөз жаздыңдар? ҚАР деген сөзді жаздық.Неше дыбыс бар бұл сөзде? Үш дыбыс бар.
Дауыссыздар тобы сендер қандай сөзді жаздыңдар? ҚОЛ деген сөзді жаздық.Қол деген сөзде неше әріп бар? Үш әріп бар.Қол деген сөзде «Қ»әрпі қай жерде кездесіп тұр? Сөздің басында
-Жарайсыңдар балалар,жазуды да білеміз,ал енді осы «Қ» әріпін одан да жақсы тану үшін тағы да бір ойын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты : Мына үстелде көптеген заттар тұр,осы заттардың ішінен «Қ» дыбысына басталатын затты тауып сөйлем құрастырамыз.
«Қ» -қолтырауын.Қолтырауын суда жүзеді.
«Қ»-қайшы.Қайшымен біз қағаз қиямыз.
«Қ»-қасқыр.Қасқыр орманда жүреді.
«Қ»-қой.Қой үй жануары.
«Қ»-қуыршақ.Қуыршақпен қыздар ойнайды.
«Қ»-құлпынай.Құлпынайды біз жұлып жейміз.
«Қ»-қалам.Қаламмен біз жазамыз.
-Жарайсыңдар балалар!
Біз бүгін қандай әріппен таныстық?
«Қ» дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
«Қ» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
Жақсы балалар,ал енді келген қонақтармен қоштасайық.Сау болыңыздар.







