«Білімпаздар жарысы»
Интеллектуалды ойын-сабақ
Мақсаты:
Балалардың білімге деген құштарлығын арттыру, берілген математикалық тапсырмаларды түрлендіру арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту, бекіту, логикалық алған ойлау қабілеттерін дамытумен қатар, өз дербестігін көрсете білуге үйрету, түрлі тапсырмаларды ойлап, жауап беруге дағдыландыру, суреттерді пайдалану арқылы баланың дүниетанымдық байқампаздығын дамыту,
Жүргізуші:
Қайырлы күн, Қымбатты балалар, әріптес! Бүгін біз оқу бағдарламасының жоспарына сай «Айгөлек» ересектер арасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған «Білімпаздар жарысын» өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі білімпаздар жарысына «Айгөлек» тобының: «Балдырған» және «Болашақ» топтары қатысып отыр. Құрметті қатысушы топтар, Сіздер бүгінгі жарыста 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең қорытындысы бойынша көмекші Робот сіздердің дұрыс жауаптарга жұлдыздан береді.
Капитандарды ортаға шықырамыз, осы асықтарды ләқтырып, көреміз қандай топ бірінші ойынды бастайды.
Сонымен «Таныстыру» атты бірінші кезеңде сіздер, өз командаларыңыздың аты мен ұранын таныстрасындар.

2 – КЕЗЕҢ: “Ойлан тап” Топтарға әзірленген сұрақтар қойылады, топ әр дұрыс жауапқа 1 жұлдаздан алады.
1-топ
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Балабақшамыз қалай аталады?
Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?
Адамда неше көз бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Аспанда неше күн бар?
Дөңгелектің бұрышы болама?
Табиғат нешеге бөлінеді?
2-топ
Елбасымыз кім?
Тудың түсі қандай?
Күз айларын ата.
Адамда неше саусақ бар?
Үшбұрышта неше бұрыш бар?
Көктем кейін қай мезгіл келеді?
Төрт қабырғасы тең қандай пішін?
Желтоқсан айында қандай мерекелер болады?
3 – КЕЗЕҢ: “Ертегілер әлеміне саяхат ” Топ мүшелері суретте көрсетілген ертегі кейіпкерлері бойынша ертегі атауын анықтайды.
4 – КЕЗЕҢ: “Сиқырлы пішіндер” Топ мүшелері пішіндерден құралған суреттерге қарай отырып, пішіндерді пайдаланып, заттарды құрастырады.

5 – КЕЗЕҢ: “Математик” Топ мүшелері кезек – кезек 1 минут ішінде математикалық амалдарды дұрыс шешулері керек.
Айнурда екі алма, Айбекте сонша алма,екеуінде қанша алма?
Бес қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда?
Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр.
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
Ұлпа жүнін қыздырып
Күн шуақты бір күшік,
Келді тағы бір күшік,
Неше болды сен сана?
6 – КЕЗЕҢ: “Білгенге маржан” Топ мүшелері кезек – кезек 1 минут ішінде түрлі тақырып аясында мақал – мәтелдермен жарысады. Әр мақал 1 жұлдыздан есептеледі.
7 – КЕЗЕҢ: “Капитандар жарысы” Топ капитандары 1 ден 10 дейінгі сандарды ретімен қояды.

Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар! Осымен бүгінгі жарысысымыз өз мәресіне жетті, қай жерде жарыс болса, сол жерде жеңімпаздар да болатыны белгілі, осымен ортаға команда капитандары шығып жұлдызшаларын санауларын сұраймыз.

Жүргізуші:
Құрметті балалар бүгінгі сайыс барысында сендер өз білімдеріңді,тапқырлықтарды барша қауымға және ортаға таныта білдіңдер.
Елдің болашағы жас ұрпақтың қолында демекші, сендер біздің еліміздің болашағысыңдар.Сондықтан мен бүгінгі сайысты қорытындалай келе келесі номинациялар бойынша мадақтағым келеді.


1 Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады.
2 Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу.
3 Ұйқысынан тұрғанда
Аяқтарын созады
Тықыр шықса тышқаннан
Делебесі қозады.
4 Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады.
5 Екі найзасы бар
Екі айнасы бар
Сыртындағы тұяғы бар.
Бір желпуіш сияғы бар.
6 Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады.
7 Адамға серік
Күзетке берік
8 Иір- иір денесі
Сахараның кемесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап барады.
СҚО
Уәлиханов ауданы
Кішкенекөл с.
«Күншуақ»бөбекжай бақшасының
тәрбиешісі Алдабаева Рысты Мубараковна







