Елін сүйген Елбасы

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, балаларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу. Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Балаларға еліміздің рәміздерін таныстыру. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.

1 – жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

 
2 – жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі деп
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!

 1-жүргізуші: Сап түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы еңгізілсін! (Музыка фанфар) Музыка под вынос флага.

(Вынос флага) (Ту ұстаған балалар залды жүріп өтіп сахнаға тұрады.)

2– жүргізуші: Армысыздар,балалар,қадірменді қонақтар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.(Фанфары)

 (ГИМН)

1-жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық. ӘН : «               »«Балдәурен» ортаңғы тобының орындауында.

2-жүргізуші:Елбасының құрметіне  Балдәурен тобының атынан жылы тілектерін тыңдайық.

1-Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президент күніне арнайы   шолу жасау мақсатында «Кім шапшаң» ойының ұйымдастырып жіберейік.

Сұрақ -жауап

Шарты: Берілген сұрақтарға шапшаң жауап береді.
Сұрақтар:
1)Туымыздың түсі қандай?
2)Қазақстан республикамыздың президенті кім?
3)Қазақ халқы қай ұлтты?
4)Қазақстанның туында не бейнеленген?
5)1 желтоқсан күні қандай мереке?
6) - Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
7)Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атаң.
8) Оң қолымызды жүрек тұсына қойып қандай ән айтамыз?
9) Қазақстанның бас қаласы қай қала?

  1. - Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
    2-Жүргізуші:- Балалар, әр елдің өз ана тілдері ,өз рәміздері болады. Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
    Ойын: «Ту құрастыру»
    Ойын шарты:
    Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
    Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
    - Балалар, біз нені жабыстырдық?
    - Күннің түсі қандай?
    - Күннің пішіні қандай?
    - Тудың түсі қандай?

1-жүргізуші: Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,

Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы деп келесі кезекті әсем әнге берейік «Родина Моя» «Балапан»ортаңғы тобының орындауында.

2 жүргізуші:  «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді керемет биімен дәлелдеп берейік.

«Батырлар» биі.

1-Жүргізуші: Біз қазақ халқы болғанымен өз ұлтымызға адал, берік,  ұлтымызға  деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ,салт-дәстүрлерді сақтай отырып, Ұлттық ойын  «Күш сынасу»ойынын  ойнап жіберейік.
Ойын шарты: Бұл ойын үстел  үстінде екі баланың білек сынасуымен ойналады. 2 бала шынтақтарын үстелге тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті үстелге жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.

1-Жүргізуші: Сап түзел! Тік тұр! ҚР мемлекеттік туы шығарылсын.

(Ту ұстаушылар шығып кетеді)

2-Жүргізуші:  Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!дей келе тәрбиешілердің орындауында «Нұр Аға» әнін қабыл алыңыздар.

 1 жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен .

2-Жүргізуші: Осымен «Елін сүйген  Елбасы» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

 

«Елін сүйген Елбасы»

атты ертеңгілік

«Балапан» ортаңғы тобы 

Тәрбиешілер: Абишева Н.Б.

Беккалиева А.К

2021-2022 о.ж.