(Балалар музыкамен кіреді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Баршаңызға денсаулық, өмірлеріңізге шаттық тілейміз.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
(Осы кезде Аққала қар домалатып кіреді)
Жүргізуші:Ой балалар қараңдаршы үлкен қарды домалатып келе жатқан
бұл кім екен?
Аққала.Снеговик.
Аққала:Салеметсіңдер ме балалар,мен өзім ойнап жүріп қайда келгенімді түсінбей қалдым ғой!!
Жүргізуші:Балалар бізде не болып жатыр,айтыңдаршы Аққалаға,ол білмейді екен.
Балалар:Жаңа жыл!!
Аққала:Ооо қандай керемет,мереке болғасын ән де би де ойын да болады.Менімен бірге маған досымды жасап бересіңдер ме балалар?
Балалар:Иәә
Ойын: «Аққала құрастыру»
Аққала:Тамаша керемет менің көңілді досымды жасап бердіңдер.
Жүргізуші: Аққала бізбен бірге «Жаңа жыл келді» әнін бірге шырқауға шақырамыз.
Ән: «Жаңа жыл келді»
Аққала: Балалар көңіл-күйім соншалықты көтеріңкі,мүмкін би билеп жібереміз?
Би: «Общий»
Аққала:Балалар сендер мульфильм көруді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иәә
Жүргізуші:Әрине біздің балалар жақсы көреді.Тіпті мультфильмдердің түрлерін де біледі солай ғой балалар?
Қазір мульфильм әуені ойналады,балалар оны қай мульфильм екенін тауып алу керек.Сол кезде Аққала ,біздің балалардың қандай білімді екенің көресің!!
(Әр мульфильмінің әуені ойналады,балалар тауып атайды)
Ең соңғы әуен «Смешарик» мультфилімінен болады,балалар жауабын айтқан соң,залға Смешарик кіреді (под музыку свою)
Смешарик:Амандасады,құттықтайды.Балалармен Разминка жасайды.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар
(Звучят фанфары заходят Дед Мороз и Снегурочка)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Аяз ата :Шыршаларың жаңбай тұр ғой, шамың жағайын! Қуант бізді таңырқат,шамдарыңды жарқырат! (музыка превращение)
Балалар:Хлопают!
Жүргізуші: Балалар, аяз атамызға Идрис тақпағын жаттап келіпті,кәне Идрисқа сөз берейік.
Жүргізуші:Балалар аяз ата мен Ақшақардың құрметіне ән арнап жіберейік.
Ән: «Елочка»
Аяз ата:Балалар кәне бәріміз шыршаны айналып шеңберге тұрайық мен сендерге бір ойын ала келдім
Ойын: «Паравоз»
Жүргізуші:Бүгінгі мерекеге біздің кішкентай пингвиндер өз өнерлерін көрсетпекші
Би: «Пингвины»
Ақшақар: «Буги-буги» ойын ойнатады.
Жүргізуші: келесі кезекті Кішкентай Ұлпа қарларға береміз
Би: «Ұлпа қарлар»
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Сюрпризный момент:Залға бірнеше үлкен қарлар домалап кіреді,соның арасында бір үлкен қардың ішінде балаларға дайындаған сыйлықтары болады.
Жүргізуші:Балалар қараңдаршы бұл не?Аппақ өзі үлкен екен.
Аяз ата: Бұл менің сендерге дайындаған сыйлықтарым.
Жүргізуші: Аяз Ата бұл қар ғой,қайдағы сыйлық.(біреуін көтеріп,қарау)расында да ішінде бір нәрсе бар сияқты!
Кәне ашып көрейік мүмкін шынымен де сыйлықтар.(Ашамыз)
Музыка звучит Раздача подарков
Аяз ата: Өркендерің өссін, қарақтарым! Енді менің өздеріңе әкелген сыйлығымды қабыл алыңдар. (сыйлық таратады)
Жыл айналып келгенше,
Өздеріңді көргенше,
Қош аман сау болыңдар!
Бүлдіршіндер, балалар!
Жүргізуші: Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар. (Екеуі кетеді)
Жүргізуші: Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты
Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.
«Кел,жаңа жыл,жаңа жыл!» атты ертеңгілік
«Балауса» кішілер тобы
Тәрбиешілер:Абишева Н.Б.
Каиргельдиева А.Б.
2020-2021 о.ж.







