«Ақ мамам»
атты мерекелік ертеңгілік
«Балауса» кішілер тобы
Тәрбиешілер: Абишева Н.Б.
Каиргельдиева А.Б,
2021-2022 о.ж.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Барысы:
Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген. Көңілді әуен қосылып, балалар жүгіріп кіреді. Орындарында тұрып билейді. Әркім өз жұбымен орындарына жайғасады.
Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ата-аналар, әжелер, ұстаздар, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, - дей келе балаларымыздың сіздерге арналған әнімізді тыңдайық.
Ән: «Ақ мамам»
(Әуенмен Күннің көзі кіреді)
Күннің көзі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!
Тәрбиеші: Салеметсізбе күн! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Күннің көзі: Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.
Күн: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Күн: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл кейіне бастайды.
Күн: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер.
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.
Күн: Иә мен де сендерді құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді әкелдім.Бірақ олар шашылп қалыпты. Қане менің гүлдерім мерекелік тартуымды құмыраға жинап беруге көмектесіндерші.
Ойын: «Гүл жинау»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Ал енді біздің қыздарымыздың қонақтарымызға арнап дайындаған гүлдер биін тамашалайық.
Би: «Гүлдер биі»
(Әуенмен Ара кіреді)
Ара: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Ара! Мұнда қайдан жүрсің?
Ара: Мен гүлдерден бал жинап жүрген едім. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.
Жүргізуші: Балалар, Ара өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен. Ендеше Арамызға ән айтып берейік.
Ән: «Айналайын мама»
Ара: Балалар сендер керемет ән айта алады екенсіңдер. Ал үйде аналарыңа қалай көметесесіңдер.Соны білу үшін «кішкентай көмекшілер» ойынын ойныйық.
Ойын: «Кішкентай көмекшілер».
Ара: Қандай керемет. Балалар сендер аналарыңды қатты жақсы көреді екенсіңдер. Сендермен өте көңілді, бірақ маған әрі қарай бал жинауға бару керек. Сондықтан сендермен соңғы рет би билеп кетейін.
Би: «Аралар» ( әуенмен би соңында ара ұшып кетеді.)
Жүргізуші: Балалар сендер шаршаған шығарсындар.Кішкене бой сергітіп алайық.
Музыкалық ойын: «Фиксики»
Күн: Балалар , сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы би де, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер , мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!
(Әуенмен Күн кетеді.)
Жүргізуші: Балалар қазір көктем мезгілі күн жылынып теңізшілер де қайықтарына мініп суға шығады екен.Бүгін аналар мерекесі екенін естіп олар бүгін бізге қонаққа келіп қапты. Қанекей кішкентай теңізшілерімізді қарсы алайық.
Би: «Теңізшілер»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Қонақтарға балаларымыздың өнері ұнады деген ойдамыз.Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!







