«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

«Аяулы Анашым!»
Ертеңгілік сценарийі
«Балапан» ортаңғы тобы

2026ж.06.03.

«Аяулы анашым» атты ертеңгілік сценарийі
Мақсаты: Мерекелік көңіл күй құру; -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірмділікке тәрбиелеу.
Қатысушылар: Балалар, мим әртісі, ата-аналар

Жүргізуші: «Бар жақсылық күллі әлемге тараған, аналардың ақ нұрынан жаралған» дей отырып қадірлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз және кішкентай бүлдіршіндердің дайндаған «Аяулы анашым» атты ертеңгілікті мерекелік шашу етеміз!
Жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Армысың әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың!
Музыка әунімен ұл балалар , қолдарында гүл ұстап ,кіреді.
Екі қатарға тұрады.
Нұрали: Апай, ал біздің қыздарымыз қайда?
Жүргізуші: Ия, Нұрали сенің сұрағын орынды.Ендеше қыздармызды қошеметпен қарсы алайық!
Қыз балалар кіреді. Ортасына тұрады. Ұл балалар қыздарға гүл сыйлайды.
Жүргізуші:
Бүгінгі көктемгі күні біз аналарымызды құрметтеп, олардың сұлулығы , мейірімділігі, қамқорлығымен тамсанамыз. Және әр сұлу жан қызыл кілемнің үстімен жүруді; жылтыр журналдың мұқабасынан көруді және саяхаттауды армандайды.Бүгін біз сіздерді саяхатқа шақырамыз.
Әйелдерге табынатын, сұлулығын мадақтап, сүйсінетін романтикалық елге саяхат жасауға шақырамыз. Парижге саяхатқа біз ұшақпен барамыз.
(Балаларды орындарына отырғызамыз)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Әсем, арман қала Парижге қош келдіңіздер! Парижге көктемгі саяхатымызға үлкен ықыласпен дайындалған балаларымыздың өнерін тамашалап, осы ғажайып сәттін атмосферасын сезінуге шақырамыз!Ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөздерін «Күншуақ» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Р.К.Мукановаға береміз.
Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың сіздерге арналған шағын көрінісін тамашалаңыздар.
Штор жауып, көрініске дайындық.
Көрініс: Художник қыздың портретін салып отырады. (Алдияр, Айлана)
Көрініс:Фотограф (Алихан, Асылым)
Көрініс: Газет оқып отырады скамейкада(Амин, Елисей)
Көрініс: Шарик сатып жүреді(Али)
Көрініс: Велосипед айдап жүреді()
Көрініс: Кафе (Дания, Адина)
Көрініс: пианино(
Көрініс: Нан дүкені:Нұрали
Көрініс: Екі қыз сөйлеп келе жатады:(Имрада, Аяла)
Көрініс;
Нұрали: Бонжур, мадам!
Имрада: Бонжур, месье!
Нұрали: Келіңіз, Париждің ыстық наннан алыңыз!
(Франция ас үйі бүкіл әлемге неше түрлі тәттілермен және нанымен танымал. Эклер, круассан, суфле және т.б.)
Аяла: Керемет, дәмді екен!
Имрада: Аяла Саған Париж ұнады ма?
Аяла: Ия, ұнады!
Имрада: Париж өте әдемі екен!
Жүргізуші: Парижге келдік қыдырып,
Күн жылынып, кетіпті.
Бүршік жарып ағаштар
Көктем мезгіл жетіпті!
Жүргізуші:
Мынау әлем, мынау Париж сенікі
Шырқа, биле, тоқтап қалма қысылып
Ортаға «Парижге саяхат» БИІМЕН бұралған қыздарымызды шақырамыз.
Тақпактары:
Аяла:
Мәпелеп мені осірген
Ризамын мен өзіңі
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде
Адина
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Дания:
Аспандағы аймсың
Бақытыма балаған
Құтты юолсын мерекең
Айналайын жан анам
Имрада:
Мәпелейсің мені анам
Қолындағы құсындай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағында қысылмай
Асылым:
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Айлана:
Мен анамды сүйемін
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін.
Жүргізуші:
Осы әдемі, асыл сөздерді жалғастырып, аналарымызға арнап ән шұмақтарын қабыл алыңыздар
Ән «Анашым»
Жүргізуші:Көктем! Таза Ауа! Жарық күн! Өзгерістер қалауы
Және кім өзінің киім кешегін, гардеробын жаңартқысы келмейді?
Осы Парижде ең бірінші атақты Сән үйлер ашылды:Шанель, Диор, Живанши т.б.
Сіздерді Париждік бас киімдер дефилесін тамашалауға ұсынамыз!
Бас киімдер дефилесі
Жүргізуші:Өзіміз Парижді көрдік енді аналарымызды қыдыртайық!
Ортаға аналарымызды шақырамыз
Шляпамды желке тұсқа ысырып
Ойна ана көңіл құсын ұшырып!
Ойын аналармен : «Шляпа»
Мим шығып, би билеп, барлығын мерекемен құттықтайды.
Жүргізуші: Бізге қонаққа мим келді. Бұл көше әртістері Францияның символы болып табылады. Олар бәрін сөзсіз, тек пантомима арқылы түсіндіре алады.
(Музыка әуені ойналады).Мим өз сезімдері мен ойын дене қимылдары, қолдар, мимикалар арқылы білдіретін , сөзсіз орындайтын актер. Мим еліктеу дегенді білдіреді.
Кәнеки біз де өз сезімдерімзді сөзсіз білдірейік
Балалар портреттік рамкаға қарап өз сезімдерін көрсетеді: қуанады, мұнайяды, реңжиді, т.б.)

Жүргізуші: Париждің көшелеріне саяхатымызды керемет биімен жалғастырамыз!
Мың бұралған ақ қайындай
Бишілер шықсың ортаға.
Ал ендеше қол соғайық, Қошеметпен қолғала.
Жұп биі .Орындайтын балалар
Жүргізуші: Париж көшесінде
Шырқалар әсем ән мен тәтті күй дей келе «Көктем» әнің қабыл алыңыздар!
Жүрізуші: Ал енді кезекті ойынға берейік
Ойын: «Анамның портреті»
Шарты: Екі бала шығып өз қалауы бойынша ананың бейнесіне қас, көз, мұрын, ауыз бейнелерін жапсырады.
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрерменде
Ұлдар биі
Тақпақтары
Нұрали:
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші Наурызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл-қызың
Али:
Аялаған анашым
Мәпелеген анашым
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Алдияр:
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Елисей:
В женский день мою мамулю
Крепко –крепко обниму
Нежно-нежно поцелую-
Вот как я тебя люблю!
Амин:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегінді ақтаймын
Аман болшы анашым

Алихан:
Солнышко для мамы
Радостно свети
Вдень 8 марта
Счастье подари
Жүргізуші:Келесі кезекті аналармен ойынға берейік.
Аналармен Ойын: «Кәмпит теру»
Шарты: кім көп кәмпит жинайды, байлаулы көздермен.
Жүргізуші: Ән көңілдің ажары демекші, аналарымызға арналған әнімізге кезек берейік.
Ән «Анашым ,ана»
Жүргізуші:
Вальс әуені толқиды
Жылы сезімдер оянады.
Асыл аналар вальс биін қабыл алыңыздар!
«Вальс» биі орындайтын балалар
Жүргізуші: Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды.
Күндеріңіз толсын гүлге ,желекке, отбасынызда болсын ырыс, береке.Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді.Өмір думан, бақ әкелсің мереке-дей отыра бүгінгі мерекеге арналған келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Балалардың сіздерге арналған кішкентай сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Музыка әуенімен Нұрали велосипед теуіп кіреді. Себетінде гүлдер. Балалар аналарына сыйлықтарын табыс етеді.
Естелік фото

«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

«Аяулы Анашым!»
Ертеңгілік сценарийі
«Балапан» ортаңғы тобы

2026ж.06.03.