«Сиқырлы Жаңа жыл!» ертеңгілік сценарийі
Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Мыстан кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: жүргізушілер, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, қоян, түлкі, аю, құртақан, балалар

Музыкалық зал мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша тұр
Жүргізуші: Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні.
«Балапан» ортаңғы тобындағы «Сиқырлы Жаңа жыл !» атты ертеңгілікке
Қош келдіңіздер,құрметті ата-аналар, қонақтар!
Кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық!
(балалар музыка әуенімен қол ұстасып кіреді, ортаға тұрып шамдарымен би қымылдарын орындайды)
Балалар орындарын отырады.
Жүргізуші:
Ойыншықтары тізілген
Шамдарымен жарқырап
Балаларды қуантып
шырша келді қонаққа!
Шыршамен бірге келеді
Қыстық мереке
Жаңа Жыл (балалармен бірге)
Жаңа жыл мерекесі ең көңілді және ғажайып мереке.Осы мерекеде бәрі де мүмкін. Тек Жаңа жыл мерекесінде сұлу шыршамыз ортамызға келіп бізді қуантады. Шыршамыз қандай сұлу, әсем екенің тыңдайық
Шырша туралы балалардың тақпақтары


Нұрали
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Дания
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Алдияр
Шырша, шырша ,шыршамыз
Әнге қосылшы
Шырша ,шырша ,шыршамыз
Биге қосылшы
Аяла
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Асылым
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Жүргізуші: Осы өлең сөздерін жалғастырып, шыршаға арнап ән айтайық
Жаңа жылдың сәні
Шыршамыз тұр ортада.
Шыршаға арнап әдейі
Ән шырқайық баршамыз.
Ән «Шырша»
Жүргізуші:Бұл мерекеде әр түрлі кездесулер болады. Өйткені Жаңа жылда күтпеген ғажайыптар болуы мүмкін.
Ғажайып әуен естіледі. Ортада шыршалар тұр, олардың жанында жануарлар жасырыңып тұр( қоян, түлкі, аю)
Жүргізуші: Бір күні құртақан өзіне жаңа жылға шырша іздеуге жиналады. Ол басына әдемі, түрлі түсті қалпақ, қолдарына қолғап киіп, ара алып орманға келеді. Орманда көптеген шыршалар бар екен .
(музыка ойналады, құртақан кіріп, шыршаларды таңдағандай жүреді.
Құртақан: Жасыл шыршалар орманның сәні.Ханшайымдар сияқты әсем көйлектерінде.Қандай әдемі шыршалар! Осы маған ұнайды.
(қоян отырған шыршаны арамен кескісі келеді, ар жағынан қоян секіріп шығады)
Қоян: Кеспеші бұл шыршаны, мен оны жақсы көрем, оның астында қасқырдан қорғанамын .
Құртақан: жарайды қоян досым , кеспеймін. Ренжіме
Қоян: Алақай! (деп секіріп кетеді)
Құртақан келесі шыршаға барып «Міне әдемі шырша! Осыны кесіп алайыншы.
Құртақан шыршаны арамен кескісі келгенде ары жағынан түлкі атып шығады
Түлкі: Құртақан алма бұл шыршаны, ол әдемі емес.Анау шыршаны ал(аю отырған шыршаны көрсетеді)
Құртақан : жарайды түлкі-түлкішек алмаймын.(түлкі қуанып кетеді)
Құртақан келесі шыршаға барып ,оны арамен кескісі келеді. Ары жағынан аю ақырып шығады
Аю: РРР алма бұл шыршаны . Ол кәрі ,әдемі емес.
Құртақан қорқып: Жарайды, жарайды аю жан .кеспеймін деп қашады. (аю кетеді)
Жүргізуші: Құртақан орман ішімен көңілсіз жүреді.
Құртақан : енді қайдан аламын жаңа жылға шыршаны, қайдан табамын. Қалай жаңа жылды қарсы аламын
Жүргізуші: Құртақан мұнайма, ренжіме. Сен Аяз Атаға бар. Ол саған көмектеседі. Әдемі шыршаны тауып береді.
(Құртақан орман ішімен ұзақ жүреді,(шыршаны айналып жүреді) қараңғы түседі.Оған көмекке кішкентай достары келіп, шамдарымен жолды көрсетеді)
«Құртақандар биі» (ұлдар)
Биден кейін ұлдар шамдарын үстел үстіне қойып орындарына отырады.
Құртақан шыршалардың арасымен өз өзімен сөйлесіп жүреді:
Құртақан: мен өзіме шырша іздеп жүрмін(жан-жағына қарап). Мен қайда келдім? О ! Міне әдемі шырша!( ортадағы мерекелік шыршанын жанына келіп)Қазір мен оны кесіп алайын.Енді менде шырша болады жаңа жылда(арасын алып кескісі келеді)
Жүргізуші: Тоқта құртақан! Кеспе бұл шыршаны ,сен балабақшаға келдің. Балалар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Бұл шыршаны Аяз Ата балаларға сыйлады. Сен бізбен бірге бол. Аяз Ата саған көмектеседі.
Құртақан : Жақсы.Рахмет
Жүргізуші: Балалар ал біздің Аяз Атамыз неге кешігіп жатыр. Кәнеки бәріміз дауыстап шақырайқшы Аяз Атаны
Балалар Аяз Атаны шақырады.
Музыка әуенімен Аяз Атамен Ақшақар кіреді.
Аяз Атаның сөздері Аяулы ата — аналар, ардақты ата-әжелер
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Ақшақардың сөздері. Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Ақшақар: Құртақан біз естіп жатырмыз өзіне шырша іздеп жүрсің? Міне саған шырша(шырша береді)
Құртақан: Алақай! Рахмет. Мен достарыма тез барайын.Шыршаны безендірейік.Сау болыңдар!(кетеді қуанып)
Аяз Ата: Ал балалар мен сендерді бір жыл көргенжоқпын. Сендер шапалақтау білесіңдер ме?
Балалар : ия (шапалақтайды)
Аяз Ата: Ал аяқтармен топылдай аласыңдар ма?
Балалар: ия, (аяқтармен топылдатады)
Аяз Ата: Ал күле аласыңдар ма?
Балалар: ия ! (күледі)
Аяз Ата: Жарайсыңдар! Ал сұлу шыршамыз неге жаңбай тұр? Дұрыс емес. Кәнеки бәріміз бірге 1,2,3 шыршамыз қуант, бізді таңырқат! Шамдарынды жарқырат! (балалар бәрі айтады, шырша шамдары жанады)
Акшақар:Ал кәнеки дөңгелене тұрайық, әнімізді жырлайық!
Ән: «Келді бізге жаңа жыл!»
(Дөңгелене жүрген кезде Аяз Ата қолғабын жоғалтып алады)
Аяз Ата : мен билеп қолғабымды жоғалтып алдым.
Ақшақар: Аяз Ата міне ғой ол!(балалар бірі біріне қолғапты беріп, Аяз атаға жеткізбейді)
Аяз Ата: Ох шаршап қалдым мен балалар, ойнап.
Жүргізуші: Аяз Ата сіз сәл демалыңыз , ал балалар сізге тақпақтарын айтып береді
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылды!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Балалардың тақпақтары:
Али:
Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламыз.
Амин:
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Айсұлтан:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық Аяз Атаны


Елисей:
Наша елка хороша
Вся сияет от огня
Шарики ,хлопушки
Красивые игрушки
Дед Мороз скорей приди,
Нашу елочку зажги
Пусть горит огнями
Разными цветами.
Алихан:
Новый год! Новый год!
В гости елочка придет
Дед Мороз и зайки
Принесут подарки!
Музыка әуенімен Мыстан жылап кіреді, жағын ұстап, қолында кішкентай қапшық.
Аяз Ата: мыстан не болды , неге жылап жатырсың?
Мыстан: қалай жыламайын, тісім ауырып тұр. (қолындағы кәмпиттің қағазы толы қапшықты көрсетеді) Кәмпит жақсы көремін.(жылайды)
Жүргізуші: Мыстан тәттіні көп жеуге болмайды ғой. Ол зиянды.
Ал біздің тиіндарымыз тәтті жемейді, шырша бүрлерін жақсы көреді. Олардың тістері мықты!
Тиіндар биі (орындайтын қыздар)
Балалардың тақпақтары
Адина:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Айлана:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Имрада:
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Мыстан: Тиіндар жарайсыңдар. Менің тісім де басылды. Ауырмайды. Мен енді ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Қар жинау»
Балалар екі топқа бөлінеді: Мыстан кемпірдің тобы, Ақшақардың тобы
Жылқының кісінеген дауысы, шауып келе жатқат дыбысы шығады
Жүргізуші:Балалар , естіп тұрсыңдар ма? Бізге тағы бір қонақ асыға келе жатыр. Ол не екен?
Музыка әуенімен Жылқы кіреді
Жылқы: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл! Төрлет! Балалар бір ойын ойнағылары келеді
Жылқы :Әрине . Мен де ойнағым келеді
Ойын: «Мұз!» «Қар!» «Қатып қал!»
Жүргізуші: биледік те, ойнадық та ал енді әнге кезек келді
Ән: «Жаңа жыл»
Ақшакар: Аяз Ата балалар өз өнерлерін көрсетті. Биледі де, ән айтты , ойнады. жаңа жылдық сыйлықтарды күтіп отыр. Қайда сыйлықтарыңыз?
Аяз Ата: әрине, әрине бар ғой сыйлықтар. Үлкен қабым қайда?(іздейді)
Мыстан: Мынау ма? (капты шыршаның астынан алып шығады,Аяз атаға береді)
Аяз Ата: ия дәл осы. Бірақ ол үлкен емееес? (ішінен бір кәмпит алып шығады) Сыйлықтарды біреу жеп қойыпты ( Мыстан кемпірге қарайды қабағын түйіп.
Мыстан сол кезде қорқып балаларға барып, сырласып: «Балалар айтып қоймаңдаршы, өтінемін, мен жеп қойдым кәмпиттерді. Енді тәттітіні жақсы көремін ғой!-деп қашып кетеді).
Аяз Ата: Балалар сендер реңжімеңдер, мұнаймаңдар. Мен сиқыршымын ғой! Қазір мен мен сендерге сиқырлап сыйлықтарды жасап беремін!
Сыйлықтарынды каспи» банкоматтан алыңдар!(әр балаға кәмпиттің бейнесі бейнеленген карточка таратады)
Балалар карточканы салып, сиқырлы сөзді айтып: «Жаңа Жыл!»
Сыйлықтарын алады
Аяз Ата, Ақшақар, Жылқы қоштасып кетеді
Жүргізуші: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Сиқырлы Жаңа жыл!» атты жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестеріміз сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Естелік фотоға түсу.

«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

«Сиқырлы Жаңа жыл!»
ертеңгілік сценарийі
«Балапан» ортаңғы тобы


26.12.2025ж.