Балалар кезектесіп залға музыка әуенімен кіреді. Қолдарында жалауша, шарлар ұстап шығады. Би қимылдарын орындайды.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер және бөбекжай бақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
Қазақстан Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.
Балалар біз бүгін ерекше мерекеге жиналып отырмыз! Ол Республика күні!Бұл біздің Отанымыз,туған жеріміз-Қазақстанның мерекесі!
Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Гимні!
Мерекемізді гимнмен бастайық.
ҚР. Гимні орындалады.
Балалар Гимнді орындап болғаннан кейін отырады.
Жүргізуші: :- Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.-«Айгөлек» ересек тобының балаларының орындауында " Тәуелсіз ел ұраны" әні шырқалады.
Кезекті Балдәурен тобының өлең-шұмақтарына береміз (Тақпақтар)
Жүргізуші:
Көк байрағым көгімде,
Қыран құстай желбіре.
Қазақстан – Отаным,
Жарқырай бер мәңгіге! дей келе «Туған Өлкем» атты биін тамашалаңыздар!
Осы кезде ортаға саяхатшы кіріп келеді.
Саяхатшы: - Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Саяхатшы: - Мен ел аралап жүрген саяхатшымын . Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші: - Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика ұлттық мереке күніне арналған ертеңгілік өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Саяхатшы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар: - Қазақстан Республикасы.
Саяхатшы: - Президенттерің кім?
Балалар: - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Саяхатшы: -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: - Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,
Мағыналы ән ұранымыз бар,
Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.
Саяхатшы: - Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Жүргізуші: -Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдиді.
«Айгөлек» ересек тобының тақпақтары
Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай «Балапан» тобының тәрбиеленушілерінің орындауында «Менің Отаным» әнімен жалғастырамыз
Жүргізуші: Кезім жоқ Отан десе шалқымаған
Болса екен жерім тыныш, халқым аман.
Туған жер тал бесігім әлдилеген
Отаным – нәрін берген алтын анам
«Балдәурен» тобының флешмоб биін қарсы алыңыздар!
Ойын:
Саяхатшы: - Жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, талаптарың оң болсын. Енді меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттер ер жүректі батыр болсын, қыздар көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!
Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы , сау болыңыз!
(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші:- Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Айтыңдаршы балалар біздің қазақтың киелі үйі қалай аталады?
Балалар- Киіз үй деп айтамыз. (кереге, уық, шаңырақ, ою басқан киіздер т.б.)
Жүргізуші:- -(киіз үйді көрсету) Жарайсыңдар балалар, осы киіз үйіміздің керегелері, шаңырағы, ұлттық ою-өрнектері біздің рәміздерімізде бейнеленген, өте жақсы жауап бердіңдер. Олай болса, балалар киіз үйіміздің шаңырағы биік болу үшін, мен сендерге «Киіз үй» ойнын ұсынамын.
Ойын: «Киіз үй»
Жүргізуші:- Сән — салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға бөбекжай бақшамыздың биші ұлдарын ортаға шақырамыз.
Би: " " «Балапан» ортаңғы тобы
Жүргізуші:
Республика – ұраным,
Әрқашан да жыр-әнім.
Мәңгі жасап болашақ,
Көкте шалқып қыраным -дей отыра «Балдырған »тобының әнің қабыл алыңыздар!!
Ойын:
Жүргізуші: - Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар: - Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы тақпақтар білеміз бе?
«Балдырған» «Балдәурен» тобы
Жүргізуші:
Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.
«Балдырған» ересек тобының ұлдар биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:- Күлімде күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!- _____________ «Айгөлек» тобының орындауында ән " Отаным " әнін қабыл алыңыздар.
«Айгөлек» ересек тобының «Шаңырақ» биін қарсы алыңыздар!!!
ән: "Отаным» "
Жүргізуші:- Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз! Сау болыңыздар!!!!
(Балалар естелік фотоға түсіп, музыка әуенімен залдан шығып кетеді)







