Тақырыбы:«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің
ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:Жүргізуші,Маша,Көктем, Аю,Әже,
Көрнекілігі: Ағаш, гүлдер,үйшіктер,діндер,шыршалар,саңырауқұлақтар, сыйлықтар, «Көктем – ана, қыздар – гүл», «Менің анам» Ананың сүті - бал, Баланың тілі - бал, «Ана алақанның аясы, ақ шынардың саясы» , «Аналар – асыл қазынам!»,«Ана – аса қымбатты жан» нақыл сөздер. т. б. әсем әндер жазылған үнтаспа, әсем безендірген зал.
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз,кұтты,болсын !қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.!
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.
(«АНА»әуенімен) Музыкамен балалар залға кіріп жартылай шеңберде тұрады.
АНА деген сөзді қолдарына үстап
Жүргізуші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Еркетай» тобының бүлдіршіндерінің «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!» ертеңгілігіне қош,келдіңіздер! .
Жүргізуші: Балалар, біздің зал қаншалықты әдемі екенін қараңыздар!
Бүгін сіздің аналарыңыздың, әжелеріңіздің, әпкелеріңіздің және
тіпті ең кішкентай сүйкімді қыздарымыздың мерекесі!
Музыка залында Көктем пайда болады
Көктем: Сәлеметсіз бе, балалар! Мен Көктем аруымын, мен сендерге мерекеге келдім! Сендер мерекеге барғанды жақсы көресіңдер ме?(Кұттықтау сөзі)
Балалар: Иә!
Көктем: ал ертегіге барғыларың келе ме?
Балалар: Иә!
Көктем: Ендеше біз қазыр сиқырлы кілемшемен ертегіге ұшып барамыз. Қане бәріміз отырайық. Балалар кілемге отырып әуен қосылады
Көктем: Міне, біз Машенка мен аю туралы ертегімізге келіп қалдық!
Маша: Аю, Мишенка! Мен серуендеп жүріп, адасып кеттім!
Мені үйге, атам мен әжеме жіберіңіз!
Аю: жоқ, Машенька, жібермеймін! Сен маған үй шаруада көмектесетін боласын, мен орманға барамын, құлпынай жинаймын! (Кетеді)
Маша: балалар, Сәлеметсіз бе! Сендер менің ертегіме келдіңдер ме?
Жүргізуші: Ия,Сәлем Машенька! Бүгін бізде мереке , барлығын құттықтаймыз
аналарды, әжелерді, сұлу қыздарымызды!Сен де әжеңді құттықтайсың ба?
Маша: Иә, әрине! Сендердің маған ертегіге келгеніңіз қандай жақсы болды!
Айтыңызшы, аюдан әжеме қалай қашуға болады?Мен де әжемді құттықтауым керек. Миша жақсы, мейірімді, ол мені ренжітпейді! Мен орманда болған кезде мен адасып кеттім-Миша мені өз үйінде паналаты, бірақ тек кері жібергісі келмейді!
Жүргізуші:Машенька сен ренжіме ,Біздің қыздарымыз казір «Қуыршақ» биін орындап береді.
«ҚУЫРШАҚТАР»БИІ
Маша: Қандай керемет би.
Жүргізуші: Балалар ойын ойнайсындар ма? Ойынын аты «ойын: «Кім қыздарға көп гүл сыйлайды»
ОЙЫН: «ҚЫЗДАРЫМЫЗҒА ГҮЛ СЫЙЛАУ»
Жүргізуші: Машенка, аюды жеңу керек!Ол үшін сен бәліш пісіріп, бүктеп
қорапқа салып қораптың астына өзің тығылу керексің. Ал аюды сенімен бірге Ата мен әжеге апаруын сұраймыз.Сөйтіп ата-әжеңмен қауышатын боласың.
Маша: Міне керемет! Сізге көп рахмет!
Көктем: ал балалар саған көмектеседі! Олар бәліштер туралы ән айтады!
Маша: Керемет! Мен бәләш пісіруді үйренемін!
ӘН: «Я ПЕКУ,ПЕКУ,ПЕКУ»
Маша: міне, бәліштер дайын, мен бәлішті қорапқа салып өзім бірге отырамын.
Жүргізуші: Ақылды, Машенька! Сенің бәліштерінен сөндай дәмді иіс шығып тұр!
Маша: енді аюды қалай шақыруға болады, ол алысқа кетті ғой –
құлпынай жинауға , мүмкін балалар маған көмектеседі, олар бірдеңе ойлап тапқан шығар!?
Жүргізуші: әрине, көмектеседі! Қазір біздің ұлдарымыз би орындайды, тәтті ботқа пісіреді. Ал Аю ботқанын иісіне үйге қарай бет бұрады, өйткені ол тәттіні өте жақсы көреді ғой.
«АЗПАЗШЫЛАР»БИІ
Музыка әуенімен Аю залға кіреді.
Аю:мында не болып жатыр?Қандай тәтті иіс шығып тұр?Маша қайда?
Жүргізуші: Салем Мишенка, Сен Машеньканы іздеме! Бірақ тезірек киіңіз
бұл қорапты,ауылға Машаның ата-әжесіне апарып беру керек.Сен болсан Машаны үйіне жібермейсін ,сондықтан мына бәлішті Машанын атынан
8-ші наурыз мерекесіне әжесіне сыйлық ретінде апарып бер.
Жүргізуші: Мишенка! Діңгекке отырмаңыз! Бәліш жемеңіз бұл бәліштер Машаның әжесіне силық, жақсы ма?
Аю:Жақсы апарып берейін о, шаршадым! Мен діңгекке отырып бір бәліш жесен ештеңе болмас!
Жүргізуші: Мишенка! Діңгекке отырмаңыз! Бәліш жемеңіз! Жақсы демалыңыз, ал біздің балаларымыз ән айтады ,сен оларды тында, солай шаршағаныңды басасың.
Аю: Жарайды, мен отырамын, көрейін балалардын өнерін.
Жүргізуші: бұл дұрыс, отыр!
ӘН: «АНАШЫМ»
Аю: жарайсыңдар, жақсы ән айтындар, мен әрі қарай жүремін! (Барады)
О, шаршадым! Мен діңгекке отырамын! Бәлішті алып жейін!
Жүргізуші: Мишенка! Діңгекке отырмаңыз! Бәліш жемеңіз! Балалар сізге тағы бір өнерін көрсетпекші
Аю: Жарайды, мен отырамын, қараймын!
«ЖҰП» БИІ
Аю:жарайсыңдар! Жақсы биледі!Еее міне атамен әженің үйіне де келіп қалыппыз ғой! Мен мұнда қорабты қойып, орманға өзім қашамын!
Аю қашып кетеді, әжесі атып шығады
Әже: Ой, қараңдаршы , аю бізге қорап әкелді!
Машенка: (қораптан) әже! Мен аюды жеңдім,мен бәліштердің астына Тығылдым, Ол мені алып келді! Ал балалармен Көктем ханшайымы маған көп көмектесті!
Әже: Рахмет балалар! Ал Машенкаға көмектескені үшін мен сізерге шулықтарды тоқыдым,бірақ олар араласып кетіпті,сендер маған олардың сынарларын тауып беріңіздерші.
ОЙЫН : «СЫҢАРЫН ТАП»
Әже:Ал Машаның пісірген бәліштерін сендерге салып беремін топқа барып шай ішесіңдер. Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші:Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Жүргізуші:Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Жүргізуші:- Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Ән: «Пироги», «Анашым».
Би: «Аспазшылар биі», «Жұп биі», «Қуыршақтар биі».
Ойын: «Кім қыздарға көп гүл сыйлайды», «Сынарын тап».
Кейіпкерлер:Аю ,Маша, қоян,көктем,Әже.
Жүргізушілер: Темирханова Асель Жолдаспаевна
Аю: Лаззат Ермековна
Маша: Махпал Муслуманбековна
Көктем: Акбөпе Абайқызы
Әжесі: Бағлан Қорғанбекқызы
Мазмұны:
1.балалар кіреді АНА әнімен( сөзімен)
2.көктем кіреді
3.сиқырлы кілем
- табиғат дыбысы
- Маша мен Аю ертег.
- «Қуыршақтар»биі
- ойын: «Кім қыздарға көп гүл сыйлайды»
8.Ән: «Пирожки»
- «Аспазшылар»биі
10.аю келеді
- Ән: «Анашым»
12.»Жүп» биі
13.Әже немеремен кездеседі
14.ойын «Сынарын тап»
15.АНАЛАРҒА балалардың сыйлықтарын тарту
- Қоштасу балалардың шыгуы
Ән: « Пирожки»
1.Я пеку ,пеку,пеку
Деткам всем по пирожку.
А для милой мамочки,
Испеку два пряничка.
А для милой мамочки,
Испеку два пряничка.
2.Кушай,кушай мамочка,
Вкусные два пряничка.
Я ребяток позову ,
Пирожками угощу.
Я ребяток позову ,
Пирожками угощу.
Ән: «Анашым»
1.Анашым,анашым ,ана жаным,
Ән салды өзіне балапаның.
Ля-ля-ля-ля,ля-ля-ля-ля,
Ән салды өзіне балапаның.
Ля-ля-ля-ля,ля-ля-ля-ля,
Ән салды өзіне балапаның.
2.Анашым,анашым ана жаным,
Әнімен тербеткен балапаның.
Ля-ля-ля-ля,ля-ля-ля-ля,
Әнімен тербеткен балапаның.
Ля-ля-ля-ля,ля-ля-ля-ля,
Әнімен тербеткен балапаның.







