Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

                                                                                

Тобы: «Еркетай» ерте жас

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ас атасы-нан

Мақсаты: Балалардың нан туралы білімдерін кеңейту, нанның қасиеттері, түрлері, ерекшеліктерімен таныстыру. Назар аудару, сөз байлығын жетілдіру, тілдерін дамыту. Нанға деген сүйіспеншіліктерін дамыту, оған құрметпен қарауды тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, ойын

Көрнекіліктер: суреттер, нанның муляждары, нан түрлері, үнтаспа

Сөздік жұмыс: нан, ұн, тоқаш, бауырсақ

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық -қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, 

Қайырлы күн.

Балалар , қараңдаршы суретте не бейнеленген? Нан әдемі, алтын.Нансыз өмір жоқ.

Мақал мәтел айту «Ас атасы –нан, нан атасы-дән».

Балалар шеңбер жасап қимылдармен көрсетеді

 

 

 

 

Балалардың жауабы

Нан

Ұйымдастырушы-ізденіс

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан – өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Шай ішсек те, сорпа әшсек те, ботқа жесек те біз нана аламыз.Нан әртүрлі болады, төртбұрышты, дөңгелек. Нанды түгел жеу керек.Ал қоқымын құстарға тастау керек.

Сергіту сәті

Нана қоқымын шашпандар

Жерде жатса баспандар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

 

Нанды ұннан жасайды. (ұнды көрсету) Қараңдаршы ұн  қандай

 

аппақ. Ұннан әртүрлі нан түрлерін жасайды: тоқаш, бирогі, т.б.

Сөздік жұмыс: нан, ұн, тоқаш

 

Нанды наубайшы пісіреді. Ол бізге қонаққа келе жатыр.

Сәлеметсіздер ме балалар.Мен наубайшымын. Мен нан пісіремін. Тақпағы:

Наубайшымын ақ киімде

Пісіремін дәмді нан

Жейді жасы, кәрі де

Нандай жоқ қой асыл дәм.

Наубашы балалар бізге нан пісіріп әкелді. Нанды наубайханадан дүкенге апарады. Немен апарады?

Ойын: Кім нанды дүкенге тез жеткізеді?»

Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Балалар тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды: нан, ұн, тоқаш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойнайды

Рефлексиялық -түзету

Балалар тыңдандаршы бұл не деген ән? Кім бізге қонаққа келіп тұр? Бауырсақ.Кәнеки көрсетейік оған көздерін, мұрнын, ауызын, шашын.Бауырсақ қандай? Сары, дөңгелек. Бауырсақты ұстап алайықшы.Ойын бауырсақпен:

Мақсаты: ептілікке, қозғалыстарынын үйлестіруіне тәрбиелеу.

 

 

Балалар көрсетеді

 

 

 

Балалар Бауырсақты ұстағылары келеді, ойнайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: нанды таниды, атайды, ;

Игереді:сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға, нанға құрметпен қарауға;

Меңгереді: нан туралы түсініктерін.

 

СҚО

Уәлиханов ауданы

Кішкенекөл с.

«Күншуақ» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

Садвокасова Махпал Муслуманбековна