Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика ңегіздері
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер және 5 көлемінде сандық есептеу»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың ой — өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері:түсіндіру, сұрақ - жауап,дидактикалық ойыны.
Көрнекілік:сандар, әртүрлі фигуралар,суреттер.
|
Әрекет кезені |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Арайлып атқан таңға сәлем, Шуағын шашқан күнге сәлем. Қайырлы таң,достарым! Сендерді көрсем қуанам! Балалар бүгін бізге көп қонақтар келді,амандасып алайық. Сәлеметсиздер ме! |
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды. |
|
Ұйымдастыру шылық іздену |
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар?Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Жұмбақ: Допқа өзі ұқсайтын, Ерекше бір пішін бар Атын оның атандар? Атына сай балалар, Үшбұрыш,үш жағы бар Ол пішінді кім табар?
Төрт бұрышы бар, Төрт қабырғасы бар Бұл қай пішін? Жаңа ақпарат Үшбұрыш кіреді:Үшбұрышпын, үшбұрышпын, 1 - тапсырма. I – топ. 1-ден 5 - ке дейін тура санау. II – топ. 1-ден 5 – ке дейін кері санау. III – топ. Сандардың көршісін табу Төртбұрыш кіреді:Төртбұрышпын, төртбұрышпын. 2 - тапсырма. «Гиобарт» кестесімен , әр түрлі пішіндер жасау Сергіту сәті:«Қай пішінге ұқсайды?»Балаларға жәшіктен әр түрлі геометрия-лық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады. Сопақша кіреді: 4-тапсырма.Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын 3 - тапсырма. Логикалық есептер Шеңбер кіреді:Домалақпын, домалақпын, 5-тапсырма. Балалар,тақтадағы геометриялық пішіндерді санап,цифрларды қою 6-тапсырма. Кілемшенің үстінде геометриялық пішін-дерден әр түрлі заттарды құрастыру. (Керік,үй,мысық,шырша,аққала,машина) |
Қыс Үш ай бар Суық,аяз,боран Аққала құрастыру шанамен. Үш топқа бөлініп отырады
Шеңбер
Үшбұрыш
Төртбұрыш
Санайды және көршісін табады
Тапсырмаларды орындайды
Қимыл қозғалыстар жасайды
Ойланып жауап береді |
|
Рефлесивтік түзету |
Балалар бүгін сабақта немен таныстық? қандай тапсырма ұнады және қызықты болды?. |
Тыңдайды |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Геометриялық пішіндерді және 1-5 ке дейін санауды
Игереді:Шапшандықты,бірлесіп жұмыс жасауды
Меңгереді:Пішіндерді түсі,көлемі бойынша анықтауды.
СҚО
Уәлиханов ауданы
Кішкенекөл с.
«Күншуақ» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Гельманова Лаззат Химашевна







